Текст
8-қыркүйек күні "Ақиқат ұшқыны" дебат клубының ұйымдастыруымен "Жаңа Қазақстанда ақындар айтысының дамуы" тақырыбында пікір-сайыс өтті. Халқымыздың көнеден жібі үзілмей келе жатқан өнердің бірі-айтыс. Осынау ұлы мұраны насихаттау мақсатында "Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық мәдени ағартушылық жоба аясында пікір-сайыс ЛД (Линкольн-Дулгас) форматында жүргізілді. Пікір-сайыс барысында әр спикері өз ойларын ортаға салып, ойын алаңын ашты. Бірі байырғы айтысты қозғаса, бірі жаңа ақындар айтысын қолдады. Қорытындылай келе, жаңа Қазақстандағы ақындар айтысының дамуы, ісі-адал, сөзі-ақиқат болашақ жастардың қолында деп тәмәмдалды.