Мектебімізде 10-қараша күні мектепішілік қыздар жиналысы өткізілді. Қыздар жиналысына 6-11 сынып оқушылары, тәрбие ісінің меңгерушісі, педагог-психолог, аға тәлімгер және мед.қызметкер қатысты. Мақсаты: қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып ,қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру.
Қыздар жиналысында «Қыз-болашақ ана» тақырыбында ТІЖО Байдаулетова К.Ч. баяндама оқыды. Аға тәлімгер Байқұмар Р. қыз балалардың тәртібі мен кемелет жасына толмаған оқушылар арасындағы құқыбұзышылықтар туралы ескертіп, мысалдар келтіріп түсіндіріп өтті.
Педагог-психолог Сағит О.Д. «Буллинг. Қыздар арасынағы әлімжеттік» тақырыбында баяндама оқып, бейнероликтер көрсетті. Сонымен қатар, «жыныстық құқықбұзушылықтың алдын алу» бойынша жұмыстар жүргізді.
Мед.қызметкер Которина Г.С. «Қыз баласының жеке гигиенасы мен денсаулығын күту» туралы ақпарат беріп, кеңестер ұсынды.