Мектебімізде 13-қараша күні мектепішілік ұлдар жиналысы өткізілді Ұлдар жиналысына 6-11 сыныптың ұлдары , Әлеуметтік педагог, АӘДТ пәнінің мұғалімі, Денешынықтыру пәнінің мұғалімі қатысты. Мақсаты: Ержігіттің қалай болу керектігі, ел -жұрт, үлкен кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай ұстап, үлкенге құрмет, кішіге ізет жасау, отбасы мен ел-жұртына қалай үлгі-өнеге болу, зиянды заттардан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстану секілді істерге бағыт-бағдар беру, тәрбиелеу. Ұлдар жиналысында Әлеуметтік педагог Аманжол Б «Құқық бұзушылық қайдан шығады?» тақырыбында баяндама оқып, ұл балалардың тәртібі мен кемелет жасына толмаған оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтар, тәртіпсіздік, буллинг, зорлық-зомбылық мәселелері туралы айтып,, мысалдар келтіріп түсіндіріп өтті.
АӘДТ пәнінің мұғалімі Ауел Б «Ұл тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында баяндама оқып, ұлдар тәрбиесі бойынша маңызды кеңестер ұсынды. Денешынықтыру пәнінің мұғалімі Буланбай Т «Зиянды заттардан аулақ бол!» тақырыбында баяндама оқып, ұлдарды темекі, ішімдік, есірткі заттарын қолданудан сақ болуға , салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, бейнероликтер көрсетті.