"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15-желтоқсан күні мектебімізде мектепаралық көңілді тапқырлар алаңы (КТА) ойындары өткізілді.

19.12.2023

15-желтоқсан күні мектебімізде мектепаралық көңілді тапқырлар алаңы (КТА) ойындары өткізілді. КТА ойындарына 7-10 сынып оқушылары, Азат ауылының ЖОББМ «Чина браттың немерелері» командасы, Қына ауылының ЖОББМ «Ауыл life» және Саздыбұлақ ауылының ЖОББМ «Екінші болма» командалары қатысты.

Мақсаты: ауылдың мәртебесін көтеру, жастардың жан-жақты шығармашылық қабілетін дамыту, олардың отаншылдық сезімді, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және белсенді азамат етіп тәрбиелеу.

Командалар «Сәлемдесу», «Үй тапсырмасы», «Бес жаңалық» номинациялары бойынша өнер көрсетті.

Көңілді тапқырлар алаңы ойыны жоғары дәрежеде өтті. Дарындылығы мен шығармашылығы ұштасқан командалар жиналған қауымға керемет көңіл -күй мен ұмытылмас кеш сыйлай білді.

Жарыс нәтижесіне сәйкес жеңіске жеткен командалар және жетекшілері марапатталды. Әр командадан «үздік ойыншылар» анықталды.

Мектебіміздің «Екінші болма» командасын (І орын) жеңісімен және жетекшісі Маулетхан Ақжолды шын жүректен құттықтаймыз!!!

Просмотров: 967


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст