Текст
Бастауыш сыныптар апталығы аясында 31 қаңтар күні 3-4 сынып оқушылары арасында бастауыш сынып мұғалімі Хошмах Кумисханның ұйымдастыруымен "Білімділер бәйгесі" атты зияткерлік сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, білімдерін дамыту. Дүниетанымын кеңейту. Сайыс нәтижесінде жүлделі 1- орынды 4- сынып оқушысы Омарұлы Әлихан, 2- орынды 3- сынып оқушысы Нұржанұлы Шыңғысхан, 4- сынып оқушысы Сағит Ғизат иеленсе, 3- орынды 4-сынып оқушысы Тилеухан Назерке иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.