Текст
Бүгін екінші ақпан бастауыш сыныптар апталығының жабылуына арналған салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиынға әдеттегідей ата- аналар, ұстаздар қонаққа келді. Шараның мақсаты: бір апта бойы өткізілген іс-шаралар мен түрлі сайыстардың қорытынды нәтижесін көру. Аталмыш шараға ерекше белсенділік танытқан оқушылар мен ата-аналарды марапаттап, алғыс білдіру. Салтанатты жиында "Ән көңілдің ажары" байқауының жеңімпаздары мен талантты орындаушылар ән шырқады. Ата - аналарға құттықтау сөз берілді. Ата - аналар " апталық іс- шараларды өте жақсы деңгейде өтті "деп баға берді. Жиын соңында ата- аналар мен оқушылар сыйлықтармен, мадақтамалармен марапатталды.