"Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі  Сазды бұлақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сазды булак" отдела образования по Аккольскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

7-ші наурыз күні 7 «А» - сыныбында химия пәнінен «Сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

11.03.2024
7-ші наурыз  күні 7 «А» - сыныбында  химия   пәнінен  «Сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі»  тақырыбында ашық сабақ  өткізілді.
Мақсаты: Кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу 
және көмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру.
   Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: Белсенді оқыту әдісі, жеке жұмыс,  жұппен  жұмыс,  практикалық жұмыс, “Шай ішейік!” психологиялық тренинг, «Кілтін тап!» ойыны,  «Ноутбук», әдісі,  
«Миға шабуыл», «Құпия сандықша» ойыны, «Картошка фри» сұрақ-жауап әдісі, Рефлексия «Электр қуаты».  АКТ мен білім берудегі жаңа тәсілдер модулін негізгісі деп алуды ойластыра білген. Сабақ  амандасу сәтінен басталды.  Сабақта   балалардың  өздерін еркін сезініп, көңілдерін көтеру мақсатында «Шай ішейік!» психологиялық тренинг өткізілді. Оқушылар психологиялық  ахуалды  қалыптастыру мақсатында көршісіне шай құйылған кеселерде жазылған қосылыстардың бас әріпімен басталатын сын есім айту арқылы бір-бірінің көңілін көтерді.  Үй тапсырмасы «Кілтін тап!» сәйкестендіру әдісі арқылы тексерілді.  Берілген тапсырма оқушылардың жас ерекшелігіне сай таңдалып алынып, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларының қалыптасуына  мүмкіндік береді. Жаңа сабақтың тақырыбын  ашу мақсатында «Миға шабуыл» сұрақтары  арқылы «құпия сандықша» ойыны ойнатылып, ой қозғалды. Жаңа сабақты  меңгерту үшін «Сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен реакциясы»  тақырыбындағы   слайд  арқылы сабақ  түсіндірілді. Сабақта  оқушылар Сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен реакциясы және көмір қышқылына сапалық реакциясын  практика тұрғысынан білу үшін  зерттеу жұмыстарын  жасады.  Сабақты бекіту мақсатында «Картошка фри» әдісін  қолданды.  Сабақты қорытындылау мақсатында «Үрілген шар» тәжірибесі жасалды.  Сабақ соңында  оқушыларға  «Электр қуаты»  әдісі арқылы  рефлексия  жасалып,  сабақта оқушылардың білімі «сағат» әдісі арқылы бағаланып,  сабақ  аяқталды.
Просмотров: 683


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст