Наурыз мейрамын тойлаудың жаңартылған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры Қазақстанның барлық өңірінде "Жаздық жолдама 2024" – қайырымдылық жобасын бастап отыр.
"Жаздық жолдама" жобасы жазғы каникул кезінде 5-8 сыныптардың 20 мың оқушысы үшін зияткерлік және шығармашылық дамумен демалысты қамтамасыз етеді. Қордың Қамқоршылық кеңесі бекіткен бюджет 2,1 млрд. теңгені құрайды.
Бұл қайырымдылық жобасы оқуда үздік көрсеткіштерге ие (үлгерімі және пәндік олимпиадаларға, пікірталастарға қатысуы) және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын орта сынып оқушыларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған.
2023 жылы Қазақстанның 17 облысынан 20 мыңға жуық баланы қамти отырып, "Жаздық жолдама" жобасы іске асты. Сол жылы мектебімізден 2 оқушы «Жаздық жолдама» алып 2 апталық демалысқа барып, толыққанды жаздық демалысқа қол жеткізіп, жаңа эмоцияларға бөленіп, білімге, тәжірибеге, дамушы ойындар мен саяхаттарға қол жеткізіп, жаңа достарға да ие болды.
Бүгін мектебімізге «Наурызнаманың» іс-шаралар аясында балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының “Жаздық жолдама-2024” қайырымдылық жобасы бойынша 2 жолдаманы Қарасай ауылдық округінің әкімі Зейб Юрий Викторович мектеп директоры Хадыр Муратбекке салтанатты түрде табыстады.