Минск орта мектебінде
«Алғыс айту күніне»
орай өткізілген іс-шара есебі
1 наурыз 2018 жыл
Минск орта мектебінде наурыз айының 1-і күні 2018 жылы «Алғыс айту күніне»
орай «Жүректен жүрекке» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік
концерт мектебіміздің оқу-тәрбие меңгерушісінің құттықтау сөзімен басталды.
Іс-шараға барлық оқушылар қатысты.
Бағдарлама бастауыш сыныптың әдеби монтажымен басталды. Оқушылар
ұстаздарға, ата-аналарға, құрбы-құрдас, достарына алғыстарын айтты. 4а
сыныбының оқушылары «Алғыс айтамын» атты шағын көрінісін қойды. Көрініс әсерлі,
әрі қызықты болды. Бұл көріністен алған әсерлері мол болды деген ойдамыз.
Концерттік бағдарлама әрі қарай
ән-шашу нөмірлерімен жалғасын тапты. Оқушылар бар өнерлерін салып, құттықтау
мақсатында әндерін шырқады.
Бағдарламаның соңы оқушылардың
құттықтауымен аяқталды. Оқушылар «Алғыс айтамыз» атты жәшікке салған
құттықтауларын оқып берді.
Концерт соңында оқушылардың
дайындаған «Жүректен жүрекке» атты сурет көрмесі ұйымдастырылып, алғыстарын айтты.
Оқу-тәрбие ісі меңгерушісі Тилеухан С.