Минск орта мектебі
Рухани жаңғыруға байланысты
«Туған өлке» бағдарламасы аясында
«Мұражай – тарих айнасы»
таныстырылым сабақтың
Есебі
23.02.2018 жылы Минск орта мектебінде Рухани жаңғыруға
байланысты «Туған өлке» бағдарламасы аясында тарих пәні мұғалімінің
ұйымдастыруымен «Мұражай – тарих айнасы»
атты оқушылармен таныстырылым сабақ өтті.
Мақсаты: Оқушылар арасында отансүйгіштікті қалыптастыру,
ұқыптылыққа баулу, көне жәдігерлерге сый – құрметпен қарау сияқты қасиеттерге
тәрбиелеу.
Қатысқан оқушылар саны: 12
Сабақ барысында оқушылар мұрай тарихы, мұражай қызметі,
Қазақстандағы мұражайлар, олардың міндеттері, жергілікті мұражайлар тізімімен
таныс болды. Мұражай тарихтың айнасы екендігіне дәлелдер келтірілді. Оқушыларға
сұрақтар қойылып нақты жауаптар алынды. Слайдтар мен бейнематериалдар, сонымен
қатар мектеп мұражайына саяхат жүргізілді. Сабақ барысында өздері жасап
қорғаған материалдарын мұражайға апарып орналастырды.