Минск орта мектебіндегі ағылшын тілі пәні мұғалімінің
ашық тәрбие сағатының есебі
14 ақпан 2018 жыл
Минск орта
мектебінде ақпан айының 14-і күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Теңсел Сандуғаш 1а
сыныбына «Станцияларға саяхат» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Қатысқан
оқушылар саны – 6, қатысқан мұғалімдер саны – 13.
Тәрбие сағаты
6 станциядан тұрады:
1. Менің отбасым
2. Мектеп оқу-құралдары
3. Түстер
4. Ойыншықтар
5. Адасқан әріптер
6. Тосын сый
Тәрбие сағатының мақсаты – өткен тақырыптар бойынша толық қайталау, еске түсіру, үйрену. Өз ойларын
еркін жеткізу. Қабылдау, сөйлеу дағдыларын арттыру. Ойлау қабілеттерін
жетілдіруге ықпал ету. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Тәрбие сағаты ұйымдастыру кезеңінен басталды. Екіншіден келген қонақтармен амандасу үшін «Амандасу» әнін орындады. Үшінші кезекте қонақтаармен танысу үшін «Менің атым...» әнін ағылшын тілінде айтып берді. Тәрбие сағатын хат тасушы қыз бастады. Ол ағылшын елінен 1а сыныбына хат алып келді. Хатта станцияларға саяхат жасауға ұсыныс жасайды. Оқушылар келісіп, саяхаттарын бастап кетті. Әр станцияда тақырыпқа сай таапсырмалар берілді. Тапсырмадан кейін тақырыпқа сй әндерін орындап отырды. Барлық оқушылар жақсы деңгейде барлық тапсырмаларды орындап шықты. Соңғы станцияда мұғалім дайындаған тосын сыйларын оқушыларға ұсынды.
Оқу-тәрбие ісі меңгерушісі Тилеухан С.