8- наурыз мерекесі бойынша
өткізілген іс-шара есебі
2017-2018 оқу жылы
Минск орта мектебі
жанындағы шағын орталықта 8-Наурыз Халықаралық әйелдер
күніне арналған «Ана-
аса қымбатты жан» атты ертңгілік өткізілді. Мақсаты:
балалардың аналар мерекесіне деген
құштарлығын оята отырып, анаға деген мейірімділігін, анаға деген махаббатын көрсету. Көңіл күйлерін көтеріп өнерге деген
құлшынысын ашу. Бұл іс-шараға қатысқан ата-ана санында шек жоқ және де барлық балаларда қуана қатысты. Әр бала өз өнерлерімен аналарына қуаныш сыйлады. Бірі ән салса екіншісі би билеп тамсандырды. Ертеңгілігімізді бүлдіршіндер әнмен ашып және аналарына арналған тақпақтарын оқыды. Дайындық тобының ұлдары «мамочка» атты билерін билесе, қыздары «ақ дидарлы анашым» әніне би биледі. Сейіл Айгерім «Анашым», Алмабек Аяулым «Анажан», Серікбол Бекжанның орындауында «Әке, ана» , Мұратхан Аяна мен Нұрайдың орындауларында «Құттықтаймын мама, туған күніңмен» атты әндер шырқалды. Шағын орталық тобының бүлдіршіндері арасында «ұлдар қыздарға гүл ұсыну» ойын ойнатылды. Ата-ана мен бала арасында «Балаңызды тауып көріңіз» ойын жүргізілді. Ертеңгіліктің соңында бүлдіршіндеріміз аналарына арнап жасаған ашық хаттармен гүлдерін табыстады. Аналар бүлдіршіндерінің өнеріне тәнті болып, өз лебіздерін білдірді. Өткізген тәрбиешілер: Хуныбек Ж, Бирлестик А.
Өткізген күні: 05.03.2018 жыл.