Мектебімізде 26-қыркүйек күні «Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде: Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Хошмах К. ата-аналарға балалардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігі туралы, шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг , балалар арасында тренд болған онлайн ойындар, әлеуметтік желілердегі алаяқтар туралы ақпараттандырды. Қауіптердің алдын алу үшін не істеу керектігін жөнінде кеңестер берді. Ата-аналарға арналған жадынамаларды ұсынды.
Сонымен қатар, мектебімізде ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы жұмыс жасайтындығы, кез келген мәселені шешу үшін осы орталыққа жүгіне алатындығы айтылды. Тәулік бойы жұмыс істейтін бірыңғай, тегін мемлекеттік байланыс орталығы «111» бар екендігі де айтылды.